Менің сүйікті қазақша сөзім
Бүгін мектебімізде 6-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Теликбаева Айгерім Данияровна “Менің сүйікті қазақша сөзім” тақырыбында ерекше, әсерлі іс-шара өткізді. Бұл шараның мақсаты – қазақ сөзінің құдіретін сезіну, ана тіліміздің әсемдігін дәріптеу және оқушыларды сөз қадірін түсінуге баулу. Оқушылар өздерінің жүрекке жақын, жанға жылы қазақ сөздерін таныстырып, мағынасын ашып қана қоймай, ән мен жырға қосып шырқады. Әрбір айтылған сөз оқушылардың ұлттық рухын көтеріп,