Алматы қаласы Білім басқармасының
«№45 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2025

Алғашқы қоңырау. Первый звонок

Алғашқы қоңырау – білім ордасындағы мерекелік концерт!

 «№45 ЖББМ» КММ -де жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара – Алғашқы қоңырау мерекесі жоғары деңгейде өтті. Бұл күн – білімге құштарлық пен болашаққа деген сенімнің мерекесі, жас ұрпақтың жүрегінде ерекше әсер қалдыратын сәт.
Мерекелік жиынға мектеп ұжымы, ата-аналар мен қонақтар жиналды. Салтанатты шараның шымылдығын мектеп директоры Сқабай Қ.Н. ашып, жүрекжарды құттықтау сөзін арнады. Ол барша оқушыларға жаңа оқу жылында ізденіс пен табыс, ал ұстаздарға шығармашылық шабыт тіледі.
Іс-шара концерттік бағдарлама түрінде жалғасын тапты. Оқушылар әсем ән шырқап, жүрекке жеткен өлеңдер оқып, мың бұралған билерімен көрермендерді тәнті етті. Әсіресе, алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары мен алтын ұя мектебімен қоштасуға дайындалып жүрген 11-сынып түлектері ерекше назарда болды.
Дәстүр бойынша 11-сынып оқушылары білімнің символы – «Білім кілтін» 1-сынып оқушыларына табыстап, жас бүлдіршіндердің алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі. Бұл сәт мерекенің мәнін тереңдетіп, жас буын мен аға буын арасындағы сабақтастықты айқындады.
Көңілді әндер, әсерлі өлеңдер мен жарқын билерден құралған мерекелік концерт қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа оқу жылының бастауын әсем ноталармен айшықтады.
Первый звонок – праздничный концерт в школе!

В КГУ «ОШ №45» состоялось яркое культурное событие – торжественный концерт, посвящённый началу нового учебного года и празднику Первого звонка. Этот день стал символом стремления к знаниям, надежды на успех и веры в будущее.
На праздничную линейку собрались педагоги, родители и гости школы. С приветственным словом выступил директор школы Скабай К.Н., пожелав ученикам любознательности и успехов в учёбе, а педагогам – вдохновения и профессиональных достижений.
Концертная программа подарила зрителям множество ярких эмоций: прозвучали красивые песни, трогательные стихи, танцы. Главными героями праздника стали первоклассники, впервые переступившие школьный порог, и выпускники 11-х классов, которым вскоре предстоит покинуть родные стены школы.
По доброй традиции старшеклассники вручили малышам символический «Ключ знаний», что стало олицетворением преемственности поколений и верности школьным традициям.
Праздник завершился в атмосфере радости, вдохновения и надежды. Торжественный концерт стал прекрасным началом нового учебного года, оставив в сердцах всех участников тёплые и незабываемые впечатления.

[media=https://www.instagram.com/reel/DODfFQeDa2F/?igsh=MXN0M2oxa2JjaHFsOA==]