Алматы қаласы Білім басқармасының
«№45 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
желтоқсан
2025

«Тарихи қала және жыл иегерлері» атты квест-ойыны өз мәресіне жетті

Бүгін (24.11–19.12.2025 ж.) аралығында мектеп кітапханасында «Тарихи қала және жыл иегерлері» атты квест-ойыны өз мәресіне жетті. Бұл іс-шара сүйікті қаламыз Алматы мен жыл иегерлеріне арналды.

Квест 4 кезеңнен тұрды:
1-кезең – викторина;
2-кезеңде оқушылар ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің өмірбаяны, шығармашылығы және қызықты деректер жайында слайдтар дайындады;
3-кезеңде олар Алматы қаласындағы мұражайлар, мектептер, көшелер, кітапханалар мен ескерткіш орындарға (муралдар, ескерткіштер) барып, сынып жетекшілерімен бірге суретке түсіп, бейнероликтер дайындады;
4-кезеңде оқушылар жыл иегерлерінің шығармаларынан шағын көріністер қойып, мәнерлеп оқыды.

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша:
*Гран при* – 9 «Б» сыныбы,
*I орын* – 9 «А» сыныбы,
*II орын* – 8 «Б» сыныбы,
*III орын* – 9 «В» сыныбы иеленді.

Қалған сыныптар белсенді қатысқаны және командалық рух көрсеткені үшін алғыс хаттармен марапатталды.Сегодня в школьной библиотеке завершился (24.11 по 19.12.2025г:) Квест игра «Исторический город и юбиляры года», посвященный нашему прекрасному городу Алматы и юбиляров года. Квест игра состояло из 4-х этапов 1 этап Викторина. На 2 этапе квест-игры учащиеся готовили слайды по биографии, произведениям, неизвестные и интересные факты из жизни писателей, поэтов, деятелей. А на 3 этапе ребята побывали в музеях, школах, улицах, библиотеках, скверах сфотографировались, (муралы, памятники) по городу Алматы вместе с классными
Руководителями и по итогам готовили видео. 4 этап рассказывали и показывали маленькие сцены из произведении юбиляров или выразительно читали произведения . По итогам 4-х этапов Гран при выиграли
учащиеся 9 «Б» класса, Іместо 9 «А», 2 место 8 «Б» и 3
место 9 «В»классы. Остальные классы были награждены благодарностью за активное участие и командный дух.