04
желтоқсан
2024
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ 2025. РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА 2025
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы
14 сәуір 202314 сәуір 2023Ақпарат1136
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурызда
№270 қаулысымен
бекітілген___
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Үкіметінің
2023 жылғы 28 наурызда
№270 қаулысымен
бекітілген___
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы
- Паспорт (негізгі параметрлер)
| Атауы | Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
| Әзірлеу үшін негіздер | 1. «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы 2. «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығы 3. «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 Жарлығы 4. «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 1 Жарлығы 5. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы 6. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы 7. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы |
| Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
| Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс әкімдіктері |
| Іске асыру мерзімдері | 2023 – 2027 жылдар |