Алматы қаласы Білім басқармасының
«№45 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-01-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қараша
2024

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП. ВОЕННО-ТЕХНИЧЕСКАЯ ШКОЛА


Бүгін АӘД оқытушысы Смайылов Д.М. 10-Б және 11-Б сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық училищесінің» Алматы филиалы МКҚК-ға экскурсия ұйымдастырды. Іс-шарада оқу орнымен таныстыру, оның тарихы, материалдық-техникалық базасы және білім беру мүмкіндіктері айтылды. Оқушылар әскери техника мен технологияға байланысты мамандықтар туралы толық мағлұмат алды, сонымен қатар оқытушылар мен курсанттарға сұрақтар қойды. Мұндай экскурсиялар кәсіптік бағдар беруді жеңілдетеді, мектеп оқушыларының ой-өрісін кеңейтеді және олардың болашақ білім траекториясын анықтауға көмектеседі.


Сегодня учитель НВиТП, Смаилов Д.М., организовал экскурсию для учеников 10-Б и 11-Б классов в РГКП Алматинский филиал “Военно-техническую школу Министерства обороны Республики Казахстан”. Мероприятие включало знакомство с учебным заведением, его историей, материально-технической базой и образовательными возможностями. Учащиеся смогли узнать больше о профессиях, связанных с военной техникой и технологиями, а также задать вопросы преподавателям и курсантам.
Такие визиты способствуют профориентации, расширяют кругозор школьников и помогают определить будущую траекторию обучения.