Алматы қаласы Білім басқармасының
«№45 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-01-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-01-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қараша
2023

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында


Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған.

Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар 26 қазаннан 2 қарашаға дейін еліміздің барлық аумағында балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара басталғалы бері:

– 239 ұсақ бұзақылық;

– оқушылардың алкогольдік мас күйде болуының 64 фактісі;

– мектептер маңында 3,5 мыңнан астам жол жүрісі қағидасын бұзу анықталды.

Жалпы елде өткен аптада балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 800-ден астам жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның нәтижесі бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана (ӘҚБтК-нің 442-бабы) және мекемелердің 27 иесі (ӘҚБтК -нің 132-бабы) жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды.

55 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айппұл төледі. Түнгі уақытта көшеде ұсталған 92 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда 96 материал қаралды. 16 ата-ана құқықтарынан айырылды және шектелді. 7 жасөспірім девиант мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберілді.